АТХ коды А07АХ03
- фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы, сахараза-изомальтаза тапшылығы;
- шала туған нәрестелер және бір айлық жаңа туған сәбилер;
- жүктілік.
Ауыр инвазиялық диарея жағдайында антибиотик енгізген жөн, өйткені Стопдиар® препараты асқазан-ішек жолынан сіңбейді.
Препаратты қолдану кезеңінде шырындар, шикі көкөністер мен жемістер, ащы және қорытылуы қиын өнімдер мен тағамдар, сондай-ақ мұздатылған өнімдер және салқын сусындар қамтылмайтын диета ұстану қажет. Қуырылған ет пен күрішті тұтыну ұсынылады.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары пайда болған жағдайда (ентігу, ісіну, тері бөртпесі, қышыну) препарат қабылдауды тоқтату керек.
Препараттың айқын сіңірілу қасиеттеріне орай, басқа да дәрілік заттарды бір мезгілде ішу арқылы қабылдаудан аулақ болу керек. Стопдиар® препаратымен емделу кезінде алкогольдік ішімдіктер ішу қарсы көрсетілген, өйткені алкоголь организмнің препаратқа сезімталдығын арттырады және диарея өршуі, құсу, іштің ауыруы, тері гиперемиясы, беттің және дененің жоғарғы бөлігінің ысынуын сезіну, бастың шыңылдауы, тыныс алудың қиындауы, тахикардия, қорқыныш сезімі түрінде көрініс беретін дисульфирам тәрізді реакцияға түрткі болады.
Егер препаратпен емделу кезеңінде сусыздану белгілері пайда болса, пациенттің клиникалық жай-күйіне сәйкес сұйықтық, тәтті және тәтті емес сусындардың көп мөлшерімен регидратациялық ем (ересектерге тәулігіне 2 л-ге жуық сұйықтық) жүргізген жөн. Ауыр және ұзаққа созылған диарея, қатты құсу және анорексия жағдайында вена ішіне регидратациялық ем жүргізу қажеттілігін бағалау керек. Препарат құрамында сахароза болуына орай, фруктоза көтере алмаушылығы, глюкоза-галактозаның нашар сіңірілу синдромы немесе сахараза-изомальтаза жетіспеушілігімен байланысты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттер осы дәрілік затты қабылдамауы тиіс. Құрамында метилпарагидроксибензоат болуына байланысты, препарат баяу типті аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезінде
Сақтандыру шарасы ретінде, жүктілік кезінде қабылдамаған дұрыс, өйткені нифуроксазидтің тератогенді немесе фетоуытты әсерлерін бағалау үшін жеткілікті клиникалық деректер жоқ. Нифуроксазид ас қорыту жолынан сіңбейді. Дегенмен де, жеткілікті клиникалық деректер болмауына орай, нифуроксазид лактация кезеңінде тағайындалғанда сақтық шарасын қадағалау керек. Препаратты қысқа курспен қолданған жағдайда ғана бала емізуге болады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Әсер етпейді.
2-ден 6 айға дейінгі балаларға: 110 мг (суспензияның кіші өлшегіш қасығымен 2,5 мл) тәулігіне 2 рет, әр 12 сағат сайын.
7 айлықтан 6 жасқа дейінгі балаларға: 220 мг (суспензияның үлкен өлшегіш қасығымен 5 мл) тәулігіне 3 рет, әр 8 сағат сайын.
Ересектерге және 7 жастан асқан балаларға: 220 мг (суспензияның үлкен өлшегіш қасығымен 5 мл) тәулігіне 4 рет, әр 6 сағат сайын.
Стопдиар® қабылдар алдында біртекті суспензия алу үшін құтыны бірнеше рет сілку керек. Тағайындалған дозаны өлшеп алып, суспензияны жұту қажет; сумен ішуге де болады.
Препаратпен жіті диареяны емдеу кезінде, пациенттің жалпы ахуалына қарай, міндетті түрде организмдегі сұйықтық тапшылығын ішу арқылы немесе вена ішіне тұрақты толықтырып отыру керек.
Емі: организмнің өмірлік маңызды функцияларын мұқият қадағалау, асқазанды шаю, симптоматикалық ем.
- гранулоцитопения, тері реакциялары (бөртпе, тері пустулезі, жанаспалы аллергия) Жиілігі белгісіз
- аллергиялық реакциялар, тері бөртпесі, есекжем, Квинке ісінуі, анафилаксиялық шок.
Нифуроксазидке аса жоғары сезімталдықтың жекелеген жағдайларында іштің ауыруы, жүрек айну және диареяның өршуі пайда болады. Қарқындылығы аздау осындай белгілер пайда болған жағдайда арнайы ем қолдану немесе нифуроксазид қолдануды тоқтату қажет емес. Егер белгілер айқын болса, дәрі қабылдауды тоқтату керек. Бұл жағдайда пациентке нитрофуран туындыларын тағайындаудан аулақ болу керек.
http://www.ndda.kz
белсенді зат - 220 мг нифуроксазид,
қосымша заттар: лимон қышқылы, натрий гидроксиді, банан эссенциясы, метилпарагидроксибензоат, карбомер, симетикон эмульсиясы 30%, сахароза, тазартылған су.
Құтыны алғаш ашқаннан кейін қолдану кезеңі – 3 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Венгрия, Н-1103 Будапешт, Дёмрёи к-сі, 19-21
Teл: +361-431-4000, +361-431-4782, +361-431-4985
Факс: +361-431-5944
E-mail: racis@richter.hu
E-mail: info@richter.kz ; pv@richter.kz (фармакологиялық қадағалау)
Телефон: 8-(7272)-58-26-22, 8-(7272)-58-26-23, 8-701-787-47-01