Диарея после антибиотиков: что это такое и как с ней бороться? - Казахстан

Диарея туралы
Диарея кең таралған ауру болса да, ол барлық адамға бірдей әсер етпейді. Қауіпке көбірек ұшырайтын адамдар тобы бар, олар ерекше назар аударуды және түрлі емдеуді талап етеді
Диарея - бұл жалпы ауру, бірақ ол бәріне әр түрлі әсер етеді

Aнтибиотиктерден кейінгі диарея: бұл не және онымен қалай күресуге болады?

Антибиотиктерден кейінгі диарея немесе антибиотикпен байланысты диарея – бұл өте жиі кездесетін жағдай. Қазіргі статистика деректеріне сәйкес, антибиотиктерді курспен қабылдағаннан кейін диарея орташа алғанда ересектердің 5-35%-ында және балалардың 40%-ында дамиды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының өлшемдеріне сәйкес, егер күніне 3 реттен көп бөлінетін сулы нәжіс антибиотикпен емдеуден кейін 8 апта ішінде пайда болса, онда бұл антибиотикпен байланысты диарея. Жағдай міндетті емдеуді қажет етеді.

img

Диарея қай кезде пайда болады

Көбінесе диарея антибиотиктерді таблеткаларда немесе капсулаларда қабылдағаннан кейін, сирек ― трансвагинальды антибиотиктерді (суппозиторийлерді) қолдану немесе оларды инъекциялық енгізу кезінде пайда болады.

Антибиотиктерден кейінгі диареяның даму қаупі балалар мен егде жастағы адамдарда, сондай-ақ антибиотиктерді қабылдағанға дейін де ішек проблемалары болған адамдарда жоғары.

Антибиотикпен байланысты диареяның ықтималдығы, егер адам антибиотиктерді қабылдау кезінде дәрігер тағайындаған дозадан асырса, дәрі-дәрмек қабылдау режимін бұзса, бір антибиотикті басқасына өздігінен алмастырса, одан әрі артады. Сондай-ақ, иммунитетті төмендететін кез-келген ауру болған кезде қауіп жоғары.

Неліктен антибиотиктерді қабылдағаннан кейін диарея орын алады

Диареяның бұл түрінің орын алуының негізгі себебі – антибиотиктің талғамай әсер етуі. Ол ауру тудыратын бактерияларды жоя келе, сонымен бірге 99% бифидобактериялар мен лактобактериялардан тұратын пайдалы ішек микрофлорасын да жояды. Бұл бактерияларда антибиотиктерден “қорғаныс” жоқ, олар жойылып қалады, патогендік флора (клостридия, сальмонелла, кандидоз, стафилококктар және басқалар) өсе түседі, адам ағзасында дисбактериоз орын алады ― осыдан диарея пайда болады. Сондықтан антибиотиктердің көпшілігінің нұсқаулықтарында ішек микрофлорасының бұзылуы және ішек бұзылыстарының мүмкіндігі емдеудің жанама әсері ретінде көрсетілген.

Антибиотиктерден кейін диарея орын алуының басқа да механизмдері бар. Мысалы, бұл осмотикалық механизм. Ішекте анаэробты (оттегісіз өмір сүретін) бактериялар санының азаюы кезінде көмірсулардың ыдырауы бұзылады. Қорытылмаған көмірсулар ішектің арнасына сұйықтықты тартады, оған ағза артық сұйықтықты “эвакуациялау” әдісі ретінде іштің өтуімен жауап береді.

Кейбір антибиотиктер ішек моторикасын тездететін стимуляторлық әсерге ие. Нәтижесінде тамақ қорытылып үлгермей, ішек арқылы тез “ұшып өтеді” – осыдан диарея пайда болып, нәжісте қорытылмаған тағамның едәуір бөліктері болады.

Басқа антибиотиктер ішекте өт қышқылдарының жиналуын белсенді етеді, бұл сұйықтықтың сіңу процесінің бұзылуына әкеледі және антибиотикпен емдеуден кейінгі диарея себебіне айналуы мүмкін.

Антибиотиктерден кейінгі диарея несімен қауіпті

Диареяның дамуы әрдайым ағзаның сусыздануымен және электролит балансының бұзылуымен байланысты ― организм үшін қауіпті жағдай. Көбінесе диарея кезінде патогендік микроорганизмдердің өмір сүру өнімдерімен улану байқалады.

Егер антибиотиктік терапия ішек микрофлорасы тепе-теңдігінің ұзақ мерзімді тұрақты бұзылуына әкелсе, псевдомембранозды колит сияқты асқынудың дамуы мүмкін, ол ішекте клостридия тектес патогендік бактериялардың көп мөлшері болған кезде дамиды. Бұл жағдайда ішектің функционалдығы ғана бұзылмайды, жалпы әлсіздік, іштің ауыруы, тіпті дене температурасының көтерілуі орын алуы мүмкін.

Симптомдары

Антибиотиктерден кейінгі диареяның негізгі көрінісі (диареяның кез келген түрі сияқты) – бұл сұйық, қалыптаспаған, жиі нәжіс. Сонымен қатар, дененің жалпы сусыздануынан туындаған метеоризм, тәбеттің төмендеуі, асқазандағы “бұжылдау” сезімі, шөлдеу, терінің аса құрғақтығы және еріннің бұрыштарындағы “ауыздық” болуы мүмкін.

Диареяның ауыр ағымында нәжіс тәулігіне 20 ретке дейін бөлінуі мүмкін және онда қан немесе шырыш болуы мүмкін.

Антибиотиктерден кейінгі диареяны қалай емдеуге болады

Антибиотиктерден кейінгі диарея – әрдайым микрофлораның тепе-теңдігінің бұзылуы аясында ішектегі патогендік бактериялардың “жүгенсіздігі”. Осы “инфекциялық агенттерден” құтылу үшін сұйық нәжіспен механикалық түрде күресу емес, ауру тудыратын микроағзаларды жою маңызды. “Іш өтуге қарсы” әдеттегі емдеу әдісі ең ұтымды таңдау емес; өйткені, ауру тудыратын бактериялар адам ағзасында қалып, оны өмір сүру өнімдерімен уландырып, интоксикацияны арттырады. Жіті бактериялық диарея кезінде патогенді бактерияларға қатысты бактерияға қарсы әсері бар және сау ішек микрофлорасының элементтеріне әсер етпейтін ішек антисептиктерін қолдану қисынды. Мұндай заттың мысалы – «Стопдиар» препараты. Бұл проблеманы іште «бұғаттамай», ауру тудыратын флорадан құтылуға көмектеседі, бифидо- және лактобактерияларға әсер етпей, антибиотиктерден кейін диареяның тікелей себебін жояды. “Стопдиар” таблетка, капсула және суспензия түрінде шығарылады, оны өмірдің бірінші жасындағы нәрестелердегі антибиотиктерден кейінгі диареяны емдеу үшін де қолдануға болады.

Диарея

Себептерді жоюдан басқа, дәріхана сөрелеріндегі дайын су-тұзды ерітінділерді қабылдау арқылы ағзаны сусызданудан қорғау және токсиндерді тез шығару маңызды, ол үшін ішек сорбенттері (энтеросорбенттер деп те аталады) өте қолайлы.

Әрине, егер антибиотиктерді қабылдау жалғасса, оны тоқтату керек; әйтпесе антибиотикпен байланысты диареядан арылуға болмайды.

Антибиотиктерден кейінгі диареямен күресу әдісі ретіндегі тамақтану және сусын ішу

Тамақтану антибиотиктерден кейінгі диареямен күресудің көмекші әдісі болуы мүмкін. Диареяның осы түрінің құрбаны болған адамның рационынан барлық тітіркендіргіш заттарды ― қуырылған және майлы тағамдарды, ащы дәмдеуіштер мен татымды дәмқосарларды, қанық майлы сорпаларды, сүтті, майқоспалы тоқаштарды және жаңа піскен нанды, консервілерді, газдалған сусындарды алып тастау керек. Алғашқы күндері ең жеңіл, қайнатылған немесе буға пісірілген тағамды ішкен жөн – бұл сүтсіз ботқа, пісірілген ет, бу омлеттері, күріш қайнатпасына пісірілген сұйық вегетариандық сорпалар, ақ наннан кептірілген қытырлақтар болуы мүмкін.

Тәулігіне кемінде 1,5 литр таза ауыз су, шөптердің немесе итмұрын қайнатпасын, газсыз минералды су ішу маңызды.

Статистика: https://prokishechnik.info/profilaktika/diareya-posle-antibiotikov.html

мақалаларға оралу
Неліктен Стопдиарды таңдау керек?