Зоны риска: в каких местах легче всего “подхватить” диарею - Казахстан

Диарея туралы
Диарея кең таралған ауру болса да, ол барлық адамға бірдей әсер етпейді. Қауіпке көбірек ұшырайтын адамдар тобы бар, олар ерекше назар аударуды және түрлі емдеуді талап етеді
Диарея - бұл жалпы ауру, бірақ ол бәріне әр түрлі әсер етеді

Кауіп аймақтары: қай жерлерде диареяны “ұстап қалу” оңай

Диарея, тұрмыста іш өту деп аталады — бұл адамның нәжісі күніне 3 реттен бастап, шексіздікке дейін шығарылатын патологиялық жағдай. 10, 15, тіпті 20 рет дәретханаға бару, сұйық “нәтиже”, іштің толғақ тәрізді ауыруы, ағзаның жалпы төмен күйі және сусыздануы ― осының бәрі диарея. Көбінесе бұл патологиялық жағдай инфекциялық сипатқа ие. Біз инфекцияны қайдан жұқтыруға болатын және нәтижесінде диареяға тап болатын “қауіпті аймақтар” туралы айтып береміз.

Біз құрастырған диареяға тап болу ықтималдығы жоғары ең қауіпті 8 жер, бүгін осылар:

1. Ашық су қоймалары. Дала ыстық болған кезде (және бұл күнтізбелік жаз болуы міндетті емес; ресейлік саяхатшылар қыс мезгілінде де ыстық елдерде уақыт өткізеді), су қоймаларында патогендік бактериялар белсенді түрде көбеюі мүмкін; жануарлардың нәжісі де су қоймаларына түседі. Жүзу және сүңгу кезінде аздап су жұтып қойдыңыз – инфекция ағзаға еніп, жойқын жұмысын бастайды. Ауа температурасы +25 градустан жоғары ауа-райы неғұрлым ұзаққа созылса, жұқтыру ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

2. Жағажайлардағы кафелер. Әлемнің кез келген жағажайында тез “тамақтану” денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Әдетте, кішігірім маусымдық кафелерде азық-түлік сақтау жабдықтары мәз емес, ал жылы ауа-райында ауру тудыратын бактериялар 20-30 минуттан кейін көбейе бастайды. Егер сіз тоңазытқыштан тыс бір сағат жатып қалған жақында дайындалған болсын және тәбетті хот-догты жесеңіз, сіз үшін диареяның құрбаны болу ықтималдығы артады.

3. Фастфуд. Сауда және ойын-сауық орталықтарындағы мейрамхана аулалары әлемнің барлық тағамдарын ұсынады. Шикі балық пен теңіз өнімдері қосылған суши мен роллдар, түрлі толтырғыштары бар картоп, құймақ және ботқалар, бургерлер, салаттар мен пицца… Бірақ аштықты басудан және ләззат алудан басқа, мұндай жерлерде диарея, қызудың көтерілуі, жүрек айнуы және басқа да физиологиялық қиындықтармен бірге жүретін ішек инфекциясын алу мүмкіндігі бар. Себептері бірнеше. Біріншіден, бұл, әдетте, мейрамхана аулаларында қол жууға болатын қолжуғыштардың болмауы. Ия, барлық сауда және ойын-сауық орталықтарында дәретхана бөлмелері бар, бірақ оларға жету керек қой… Көбінде ересектердің өзі гигиена ережелерін елемейді. Екіншіден, тез тамақтану орындарында өнімдердің сапасына сенімді болу қиын — бұл сөздің толық мағынасындағы мейрамхана, тіпті кафе де емес. Ал сапасыз немесе дұрыс өңделмеген өнімдерді (мысалы, шала пісірілген ет, балық, саңырауқұлақ) тұтыну, азық-түлікті сақтау ережелері мен мерзімдерін бұзу — диареяның ең көп таралған себептерінің бірі.

Зоны риска

4. Саяжай. Иә, иә, сүйікті, қалаған, тартымды саяжай, жеке қала сыртындағы жұмақ – бұл да диареяның даму қаупі бар аймақ. Өйткені, көптеген адамдар өз бақшасындағы көкөністерді, жидекті немесе жемістерді жумай-ақ, бірден жейді. «Несі бар? Ешқандай химия жоқ менде!» — деп сендіреді саяжайшылар… солай айтып алып, жеке тұрған дәретхана-үйшігіне қарай жүгіреді. Мұндай қауіпті егіншілік диареяға қысқа жол болып табылады.

Зоны риска

5. Балабақшалар. Балабақшаларда ішек инфекциясы тұрмыстық байланыс арқылы оңай берілуі мүмкін. Балалар әлі де өз әрекеттері мен тілектерін жақсы басқара алмайды, ойыншықтарды жалап, лас қолдарын аузына салып, дәретханаға барғаннан кейін қолын жууды ұмытып, досымен жарты кәмпит немесе печеньемен бөлісе алады. Сондықтан, егер топта бір бала диареямен ауырса, мини-эпидемияны күтіңіз. Сонымен қатар, инфекциялардың тез таралуына балалар ағзасының қорғаныс қабілеті ересек адамдардыкіндей жоғары емес екендігі ықпал етеді.

6. Мектептер. Жасөспірімдердің гигиена ережелерін елемеуі және мектептегі тамақтанудың әрдайым жоғары сапалы бола бермеуі — бұл мектептерді диареяның қауіпті аймақтары деп санауға мүмкіндік беретін екі маңызды фактор.

7. Бассейндер. Бассейндердегі су зарарсыздандыру үшін хлорланады немесе озондалады. Алайда, күніне бірнеше жүз адам өтетін бассейнге барған кезде ішек инфекциясын жұқтыру мүмкін.

8. Кеңсе асханалары. Шағын ас үй аймақтары бүгінде көптеген ірі және орта компанияларда бар. Бұл ыңғайлы, бірақ әрдайым қауіпсіз емес — адамдар бір ыдыс-аяқты пайдаланады және оны кім және қалай жуады, әркімнің қалауына қарай. Мұндай жағдайларда бактериялық ішек инфекциясын жұқтыруды жоққа шығаруға болмайды.

Не істеу керек?

Егер диарея орын алса, қою шай ішіп, “жақсы, бірнеше күн шыдармын, бәрі өзі басылады” деп ойлап, оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Басылуы да мүмкін – басылмауы да мүмкін. Аурумен рулетка ойнауға болмайды! Ішек инфекциясының көріністері кезінде ең бастысы — ағзаны диареяны тудырған инфекциялық агенттен тазарту. Егер бұны жасамай, нәжісті механикалық түрде тоқтататын заттарды қабылдаса, онда белгілер уақытша жойылады, бірақ мәселе тұтастай қалады. Іште бұғатталған ауру тудыратын микроағзалар көбейе береді және адамды өмір сүру өнімдерімен уландырады. Бұл жағдай ағзаның интоксикациясы деп аталады және жоғары қызу, әлсіздік, сылбырлық, тәбеттің болмауы, жүрек айну және құсу, суық тию немесе тұмау кезіндегі сезімге ұқсас бұлшықеттер мен буындардың қақсауымен білінеді.

Диарея

Мұндай жағымсыз дамудың алдын алу үшін инфекциялық диарея үшін арнайы ішек антисептиктерін — диареяның сыртқы көріністерімен ғана емес, оның ішкі себебімен тікелей күресетін препараттарды қолдану керек. Мұндай ішек антисептигінің мысалы — проблеманы іште «бұғаттамай», ауру тудыратын флорадан құтылуға көмектесетін Стопдиар препараты. Бұл препарат инфекциялық агентті жойып қана қоймайды, сонымен қатар диареямен күресу кезінде өте маңызды болып табылатын сау ішек микрофлорасын сақтауға және қалпына келтіруге көмектеседі. Стопдиар ересектерге арналған таблеткалар мен капсулалар түрінде, сондай-ақ суспензия түрінде шығарылады, оны 2 айдан бастап балалар диареясы мен улануын емдеуде қолдануға болады — осының арқасында өнімді отбасылық деп атауға болады.

мақалаларға оралу
Неліктен Стопдиарды таңдау керек?