Диарея: стоит ли ее бояться? - Казахстан

Диарея туралы
Диарея кең таралған ауру болса да, ол барлық адамға бірдей әсер етпейді. Қауіпке көбірек ұшырайтын адамдар тобы бар, олар ерекше назар аударуды және түрлі емдеуді талап етеді
Диарея - бұл жалпы ауру, бірақ ол бәріне әр түрлі әсер етеді

Диарея: одан қорқудың қажеті бар ма?

Диарея немесе іш өту ― өте кең таралған жағдай, әр адам оған өмірінде жиі немесе сирек тап болады. Жиі диареяға (әсіресе ересектер туралы айтатын болсақ) өте жеңіл қарайды: «Жарайды, аздап аш жүре тұрамын, өзі кетеді. Несі қорқынышты?»

Шынында да – диареяның несі қорқынышты? Бұл адам үшін шынымен де қауіпті ме, әлде бұл назар аударуға тұрмайтын өтпелі қиындық па?

img

Дегидратация немесе сусыздану

Ағзаның сусыздануы – белсенді немесе ұзаққа созылған диарея кезіндегі жиі кездесетін асқыну. Қалыпты жағдайда адам денесінің барлық тіндерінде сұйықтық бар; тіпті ең тығыз ұлпада (тіс эмалінде) сұйықтық мөлшері 0,2% құрайды. Жалпы, баланың денесінде 80% сұйықтық, ересек адамда 60% дейін болады. Сусыздану кезінде сұйықтық ағзадан шығады, қанның тұтқырлығы жоғарылайды (қан ағымы бұзылады), жүрек пен бүйрекке жүктеме артады, қан қысымы төмендейді, барлық негізгі процестер, оның ішінде онсызда диареядан зардап шегуші ас қорыту процесі бұзылады. Сусызданудың бастапқы кезеңінде адам денесінің салмағы 3-5%-ға төмендейді, орташа ауырлықтағы сусыздану кезінде салмақ жоғалту 7% дейін жетуі мүмкін. Ауыр сусыздану және 9% артық салмақ жоғалту кезінде адамға стационар жағдайында шұғыл медициналық көмек қажет.

Гиповолемиялық шок

Жіті диарея кезінде, сұйық сулы нәжіс тәулігіне 10-15 рет немесе одан да көп байқалған кезде, ағзадағы сұйықтық мөлшерінің тез төмендеуіне және қан көлемінің төмендеуіне байланысты гиповолемиялық шок болуы мүмкін. Денсаулыққа да, өмірге де қауіпті жағдай туындаған жағдайда жүрек-тамыр жүйесі зардап шегеді, жүрекке көктамырлық қан ағымы бұзылады, бұл адам ағзасындағы әртүрлі тіндердің гипоксиясын (оттегінің жетіспеуін) тудырады. Жүрек пен миды қан мен оттегімен қамтамасыз ету үшін ағза компенсаторлық механизмдерді іске қосып, бүйректен, бауырдан, ұйқы безінен және ішектен бастап бұлшықет тіндеріне дейінгі барлық басқа ішкі органдардың қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатады. Гиповолемиялық шоктың дамуы шұғыл реанимациялық көмекті қажет етеді.

Ағзаның жалпы интоксикациясы

Әдетте, диареяның пайда болуы бактериялық, вирустық немесе зең инфекциясымен байланысты. Диареяның ұзақ ағымы әрқашан дененің жалпы интоксикациясымен бірге жүреді. Ауру тудыратын микроағзалар ішекте өмір сүреді және көбейеді, ағзаны тіршілік әрекетінің өнімдерімен уландырады. Диарея неғұрлым ұзаққа созылса, қызба, әлсіздік, бұлшықет ауруы, бас ауруы, жүрек айну және құсу сияқты интоксикацияның орын алу ықтималдығы жоғары болады.

Сепсистік шок

Бактериялық сипаттағы диарея кезінде және аурудың қоздырғышын жоймайтын, бірақ оны ағзаның ішінде «бұғаттайтын» дәрілерді қолданғанда, ағзаның жалпы интоксикациясының және диареяның күрделі асқынуының ең айқын көрінісі ретінде сепсистік шок орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, ауру тудыратын микроағзалардың тіршілік өнімдері жүйелік қан ағымына көп мөлшерде еніп, бұлшықет тонусының төмендеуі, тахикардия және жүрек ырғағының бұзылуы, әлсіздік, бастың айналуы, қан қысымының төмендеуі сияқты көріністерді тудырады. Суық тер, қозғалу мүмкіндігінің жоқтығына дейін баратын күрт әлсіздік, шатасу және есеңгіреу мүмкін. Бұл патологиялық жағдай шұғыл және қауіпті болып табылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі де ұзаққа созылған диареяның және одан туындаған сусызданудың салдары болуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі бастапқы кезеңдерде зәрдің күнделікті көлемінің төмендеуімен, жалпы әлсіздікпен, сылбырлықпен және адамның тежелуімен көрінеді. Патологияның дамуына қарай симптомдарға құсу, ентігу, бұлшықеттің тырыспалық жиырылуы, іш пен бел аумағындағы ауырсыну, жүрек аритмиясы қосылады. Қанда креатинин мен несепнәр деңгейі жоғарылайды, бұл ағзаның интоксикациясына әкеледі.

img

Гипокалиемия

Диареяның тағы бір орын алуы мүмкін асқынуы – гипокалиемия немесе науқас адамның ағзасындағы калий деңгейінің патологиялық төмендеуі. Калий ағзадан жиі сұйық нәжіспен “шайылып кетеді”. Бұл жағдайдың ықтимал белгілеріне үдемелі бұлшықет әлсіздігі, әсіресе аяқ бұлшықеттерінде байқалады, бұлшықет ауыруы, парез және ішінара паралич, жүрек ырғағының бұзылуы жатады. Егер гипокалиемия ұзақ уақыт сақталса, нефрит және нефрогендік қант диабеті сияқты созылмалы аурулардың дамуы мүмкін.

Құрысулар

Диарея кезінде адам ағзасында калий жетіспеушілігі ғана емес; кальций мен натрий мөлшері де азаяды. Ұзақ мерзімді іш өту кезінде ағза осы маңызды микроэлементтерді жоғалтудан болған жеткіліксіздік тетаникалық құрысулардың немесе спазмофилияның дамуына әкелуі мүмкін. Құрысулар аяқтың бұлшықеттеріне, мимикалық бұлшықеттерге әсер етуі мүмкін, қолдың спазмы және ауа жұту кезінде тыныс алудың қысқа мерзімді кідірістері болуы мүмкін. Тетаникалық құрысудың дамуы жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Дисбактериоз

Диарея жиі дисбактериоздың дамуымен бірге жүреді. Сау ішек микрофлорасының нәзік балансы бұзылады, ал патогендік және шартты патогендік микроағзалардың саны, әдетте, микрофлораның жалпы массасының 2%-ынан аспайтын, бірнеше есе артады. Дисбактериоз кезінде тағамдағы қоректік заттар ішекте сіңірілмейді және анемияның дамуы орын алады.

Диареяның хронизациясы

Жіті диарея емделмеген немесе дұрыс таңдалмаған емдеу схемасы кезінде созылмалы түрге айналуы мүмкін ― бұл да мүмкін асқынулардың бірі болып саналады. Ұзақтығы 3 аптадан асатын іш өтуді созылмалы диарея деп атауға болады. Жиі сұйық нәжіс, тәбеттің бұзылуы, іштің ауыруы бар жіті диареяның симптоматикасына бұл жағдайда дефекацияның жалған қажеттілігі (тенезма), жалпы әлсіздік, салмақ жоғалту қосылады.

Не істеу керек?

Диарея – міндетті дәрілік түзетуді қажет ететін жағдай. Іш өтумен күресу үшін затты таңдағанда, осы жағдайдың себебіне ― инфекциялық агенттерге тікелей әсер ететін препараттарға назар аударыңыз. Мысалы, Стопдиар препараты. Проблеманы іште бұғаттамай, Стопдиар диарея қоздырғыштарымен күреседі, оның себебін жояды және сау ішек микрофлорасына әсер етпейді (тіпті қалпына келтіруге көмектеседі). Бұл балалар үшін де, ересектер үшін де маңызды!

Диарея
мақалаларға оралу
Неліктен Стопдиарды таңдау керек?