Отравление: что это такое и как бороться с недугом - Казахстан

Диарея туралы
Диарея кең таралған ауру болса да, ол барлық адамға бірдей әсер етпейді. Қауіпке көбірек ұшырайтын адамдар тобы бар, олар ерекше назар аударуды және түрлі емдеуді талап етеді
Диарея - бұл жалпы ауру, бірақ ол бәріне әр түрлі әсер етеді

Улану: бұл не және дертпен қалай күресуге болады

Уланудың ең көп таралған түрі ― тағамдық. Бұл сапасыз, ескірген, дұрыс дайындалмаған немесе ауру тудыратын микроағзалармен залалданған тамақты қабылдағаннан кейін адам ағзасының зардап шегуі. Тағамдық улану үшін асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының қабынуы, диарея және ауырсыну, жиі сулы нәжістің салдарынан ағзаның сусыздануы, жалпы интоксикация тән.

Қалай улануға болады?

застолье

Жаман жаңалық: кез келген өнімнен улануға болады. Мысалы, егер өте дәмді және сапалы пісірілген шұжық тоңазытқышта 3 апта жатып қалса, ал сіз одан бутерброд жасап жеуді шешсеңіз, онда улану әбден мүмкін. Көбінесе тағамдық улануды жарамдылық мерзімі өткен сүт өнімдері, балық, жұмыртқа, ет және құс еті, консервілер, кондитерлік өнімдер тудырады.

Тағамдық улану түрлері

отравление

Жалпы, тағамдық улану екі үлкен топқа бөлінеді ― бұл микробтық және микробтық емес улану.

Микробтық улану – тірі ауру тудыратын микроағзалардың көп мөлшері бар тағамдарды жегеннен кейін пайда болатын токсикоинфекция. Бұл топқа токсикоз (интоксикация) да кіреді ― инфекциялық агенттің өмір сүру нәтижесінде және жойылуынан кейін пайда болатын токсиндердің әсерінен улану және диарея. Көбінесе тағамдық улану кезінде мұндай «теріс әсер ету агенттері» стафилококктар, Proteus mirabilis, E. Coli, шигелла, сальмонелла немесе клебсиелла болып табылады.

Микробтық емес улану тобына улы өсімдіктерден улану жатады, мысалы, жеуге болмайтын саңырауқұлақ немесе жидектерден. Сондай-ақ, микробтық емес тағамдық улану белгілі бір жағдайларда улы болуы мүмкін тағамдарды қабылдау кезінде дамиды, мысалы, құрамында адам үшін улы солонин бар жасыл картоп немесе дұрыс дайындалмаған фугу балығы. Бұл топқа тамаққа түскен химиялық заттардың қоспаларымен – пестицидтер, гербицидтер, нитраттармен улану да кіреді.

Тағамдық улану белгілері

Сырқаттану мен диарея тағамдық уланудан туындағанын қалай түсінуге болады? Мұны бәрінен де дәрігер нақты айтады. Бірақ дәрігер шақырғанға дейін дәл осындай диагнозды болжауға көмектесетін факторлар бар:

Тағамдық улану кезінде ағзада не болады

Тағамдық уланудың қоздырғыштары адам ағзасындағы маңызды процестерді бұзатын токсиндерді бөледі; сапасыз немесе қауіпті тамақ тек асқазан-ішек жолдарының жағдайына ғана емес, сонымен қатар орталық жүйке жүйесіне де әсер етуі мүмкін. Сонымен, ботулизм қауіпті күйі де тағамдық улану тобына жатады және залалданған консервіленген тағамдарды (саңырауқұлақтар, көкөністер, ет, балық және т.б.) жегеннен кейін пайда болады.

Тағамдық улану кезінде асқазан мен ішектің шырышты қабығы әрдайым зақымдалады; ас қорыту органдарының моторлық қызметі және қоректік заттардың сіңуі бұзылады. Бұл кезеңде адамның іші ауырады, метеоризм, диарея орын алады (қан, шырыш араласқан болуы мүмкін). Егер токсиндер жүйелі қан ағымына түссе, ағзаның жалпы интоксикациясының белгілері пайда болады. Оларға бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы, пульстің жиілеуі, жалпы әлсіздік, қалтырау, бұлшықет және буын ауыруы, жүрек айну және құсу жатады. Жалпы интоксикация деңгейі неғұрлым жоғары болса, адамның жағдайы соғұрлым ауыр болады.

Уланумен қалай күресуге болады

Улану – адамның медициналық көмекке жүгінусіз болмайтын жағдайы. Улануды емдеудің міндеттері көп қырлы – ішекті тазарту, токсиндерді шығару, патогендік флораны жою, су-электролит балансын қалыпқа келтіру, белгілерді жеңілдету (ауырсыну, жүрек айну, құсу, температураның көтерілуі) және сау ішек микрофлорасын қалпына келтіру маңызды.

Тағамдық улану кезінде токсиндерді шығару үшін энтеросорбент препараттары қолданылады. Олар магнит сияқты токсиндерді тартып алады және оларды ағзадан шығаруға көмектеседі. Токсиндермен бірге жалпы интоксикация белгілері де жоғалады, адамның жалпы жағдайы мен әл-ауқаты біртіндеп қалыпқа келеді. Ең қарапайым энтеросорбент ― белсендірілген көмір.

Диарея

Улану кезінде аурудың микробтық түрінде ауру тудыратын микроағзалардан құтылу өте маңызды. Бұл жерде асқазан-ішек жолдарының инфекциясы үшін арнайы жасалған дәрілік заттар – ішек антисептиктері бірінші орынға шығады. Мысалы, бұл қазіргі заманғы Стопдиар препараты, ол проблеманы іште «бұғаттап», диареяны механикалық түрде тоқтатпайды, ағзаға ауру тудыратын флорадан арылуға көмектеседі. Стопдиар ішектегі ауру тудыратын бактерияларға тікелей әсер етіп, диареяның себебін жояды. Дәрі дәріханалар сөрелерінде таблеткалар, капсулалар және сұйық дәрілік зат ― суспензия түрінде болады, оны 1 айдан бастап нәрестелер диареясы мен улануын емдеуде қолдануға болады.

Егер сіз диареяны себептерін жоймай тоқтататын дәрі-дәрмектерді қабылдасаңыз, онда мәселе шешілмейді, оның орнына ауру тудыратын микроағзалар адам ағзасын өмірлік белсенділігінің өнімдерімен уландыруды жалғастырып, жағдайды шиеленістіреді.

Инфекциялық бактериялық агенттер үшін жойқын, препарат негізінен лактобактериялар мен бифидобактериялардан тұратын сау микрофлораға зиянсыз. Ол лакто- және бифидобактериялардың өмірлік белсенділігін тежемейді, яғни ішектегі тепе-теңдік тезірек қалпына келеді.

женщина с водичкой

Су-электролит балансын қалпына келтіру үшін арнайы су-тұз ерітінділері қолданылады, мысалы, Регидрон. Бұл топтың заттары ағзадағы сұйықтықты сақтауға және өмірге қауіп төндіретін сусызданудың алдын алуға көмектеседі.

Улану кезінде асқазан мен ішектің шырышты қабығын қорғау үшін жұмсақ бүркеуші заттар қолданылады, мысалы, зығыр дәнінің қайнатпасы. Мұндай қайнатпа шырышты қабықты тітіркенуден және зақымдалудан қорғайды, ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі.

Дәрігермен кеңесіңіз, уланумен күресу үшін бірқатар заттар кешеніны қолданыңыз және міндетті түрде одан әрі тағамның сапасын қадағалаңыз!

мақалаларға оралу
Неліктен Стопдиарды таңдау керек?