Әлемде өмірінде кемінде бір рет диареямен ауырмаған немесе қарапайым айтқанда іші өтпеген адам жоқ. Бұл жағдай өте кең таралған, тіпті тымау немесе суық тию сияқты үйреншікті, сондықтан салыстырмалы түрде зиянсыз болып қабылданады. Шын мәнінде, диарея орын алған кезде адам ағзасында өте ауыр деструктивті процестер басталады. Атап айтқанда қандай? – Түсінуге тырысайық.
Диарея – бұл адамның жиі (тәулігіне үш немесе одан да көп) дефекациясы байқалатын патологиялық жағдай. Бұл жағдайда нәжіс сұйық, сулы болады, ал тәуліктік көлемі 200 грамнан асады. Салыстыру үшін – қалыпты жағдайда күнделікті нәжіс массасының көлемі 100-250 грамнан аспайды. Диарея кезінде нәжіс сұйықтықтың жоғарылауына байланысты 60-90% дейін сұйық болады. Су мөлшерінің арту себептері диарея түріне байланысты.
Күн сайын адам су, шай, кофе, шырындар, сорпалар түрінде орта есеппен 2 литр сұйықтық ішеді; сұйықтықтың көп мөлшері ағзаға тамақпен де бірге енеді. Жалпы, ішекке 7 литрге дейін сұйықтық енеді, егер біз жеп-ішетітін барлық нәрсені ғана емес, сонымен қатар сілекей, өт және асқазан сөлін де есептесек.
Дені сау адамның нәжісінде өте аз сұйықтық бар, оның жалпы тәуліктік көлемінің 2-3% құрайды. Қалғаны сіңіріледі, осыдан кейін біртіндеп денеден несеппен, термен, көз жасымен шығарылады.
Егер нәжістегі сұйықтық мөлшері жоғарыласа, диарея пайда болады. Диареяның негізгі түрлеріне төртеуі – экссудативті, гиперсекреторлық, осмотикалық және моторлық диарея жатады.
Диареяның бұл түрі ішек шырышты қабығының эрозиясы немесе ойық жаралы зақымдануы немесе лимфа тамырларындағы қысымның жоғарылауы кезінде пайда болады. Зақымдалған шырышты қабық арқылы ішек арнасына бұл жерде болмайтын физиологиялық сұйықтықтар ― плазма, қан, лимфа ағып кетеді. Ішекке осындай “түсімдердің” салдарынан диарея пайда болады.
Экссудативті диарея көбінесе Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит, лимфома сияқты инфекциялық емес аурулар кезінде дамиды. Егер себебі әлі де инфекция болса, онда экссудативті диареяға шигелла немесе сальмонелла кінәлі болуы мүмкін.
Ішек бұзылысының бұл түрі қабыну процесі мен шамадан тыс белсенді перистальтикамен бірге жүреді. Экссудативті диарея кезінде нәжіс сұйық болады және көбінесе қан мен іріңнің қоспалары араласуы мүмкін (қабыну процесінің нәтижесі ретінде).
Диареяның бұл түрі ішек арнасына түсетін су мен электролиттердің жоғарылауымен сипатталады. Диареяның бұл түрінің пайда болуы көбінесе ішектің токсиндермен “гиперстимуляциясына” байланысты, мысалы, тырысқақ, эшерихиоз немесе энтеротоксин E.coli жұқтырған кезде. Гиперсекреторлық диарея ішекке пептидтердің тым көп мөлшері түскен жағдайларда да орын алуы мүмкін; сондай-ақ, осы типтегі диареяның пайда болуын кейбір дәрі-дәрмектерді (мысалы, іш өткізетін препараттарды) қабылдау қоздыруы мүмкін. Гиперсекреторлық диареяның тағы бір себебі ― өт қабының проблемалары немесе оны алып тастағаннан кейінгі жағдай (холецистэктомия операциясы).
Гиперсекреторлық диарея кезінде қабыну бірге жүрмейді; нәжісте ірің мен қан көзбен де, зертханалық талдаулардың нәтижелері бойынша да анықталмайды ― нәжіс сулы және мол; қорытылмаған тамақ бөлшектері көрінбейді.
Қалыпты ас қорыту процесі бір күнде адамның аш ішегі 4-5 литр, ал тоқ ішегі 1,5-2 литрге дейін сұйықтықты абсорбциялайды (сіңіреді) деп болжайды. Диареяның осмотикалық түрінде ішектегі су мен электролиттердің “сіңуі” төмендейді, нәтижесінде тоқ ішектегі нәжістің көлемі тез артады. Тоқ ішектің компенсаторлық мүмкіндіктері толығымен қолданылған кезде және нәжістің көлемін арттыратын сұйықтық келіп түсуін жалғастырса, осмотикалық диарея дамиды.
Осмотикалық диареяның орын алу себептеріне зат алмасудың бұзылысы, глютендік ауру, аш ішек ишемиясы, созылмалы панкреатит, ұйқы безінің қатерлі ісігі, өт қышқылдарының жеткіліксіздігі жатады. Мұның себептерінің бірі сонымен қатар тұзды іш өткізетін дәрілерді шамадан тыс қолдану, оның салдарынан нәжіс массасы ағзадан суды “тартып” алады. Осмотикалық диарея көбінесе ротавирустық инфекция, панкреатит, түрлі ферментопатиялар сияқты аурулармен бірге жүреді, сонымен қатар патология аш ішектің бір бөлігін алып тастау операциясынан кейін кездеседі.
Осмотикалық диарея кезінде нәжіс сұйық, мол, қорытылмаған тағамның айқын көрінетін бөлшектері бар, стеаторея жиі байқалады (“майлы” нәжіс). Осмотикалық диарея адамның өмірін ауырсыну, метеоризм, асқазандағы “бұжылдау” сияқты қосымша белгілермен қиындатады.
Гиперкинетикалық және гипокинетикалық диарея аш және тоқ ішек арқылы тамақ кесектерінің жылжуының бұзылуымен байланысты. Бұл жағдай ішек моторикасының бұзылуы деп аталады. Егер моторика тым белсенді болса, тамақ кесектері тез жылжып, тамақ қорытылып үлгермейді ― бұл жерде гиперкинетикалық диарея туралы айтып отырмыз. Егер моторика баяу және белсенді емес болса, тамақ ішекте ұзақ уақыт қорытылмай тұрады, ашу және іріп-шіру процестері басталады ― гипокинетикалық диарея дамиды.
Көбінесе моторлық диарея тітіркенген ішек синдромы бар адамдарда, сондай-ақ невроздар кезінде және антацидті препараттарды немесе іш өткізетін дәрілерді шамадан тыс пайдаланғанда кездеседі. Әдетте, моторлық диарея жұқпалы аурулармен байланысты емес.
Моторлық диарея кезіндегі нәжіс мол, сұйық немесе ботқа тәрізді, жалпы көлемі тәулігіне 300 грамнан асады. Нәжіс пайда болғанға дейін біршама уақыт бұрын адамның іші толғақ тәрізді ауыруы мүмкін.
Көбінесе диарея бірден бірнеше факторлардың әсерінен туындайды – бұл инфекция және күйзеліс; ішектің шырышты қабығының зақымдануы және сұйықтықтың сіңуінің бұзылуы; дәрілік заттарды ұзақ қабылдау және зат алмасу ақаулары болуы мүмкін. Бұл жағдайда диарея аралас деп аталады.
Диареяны осы ауруды тудырған себептерді ескере отырып емдеу керек. Егер олардың арасында инфекциялық құрамдас болса, дәрігермен терапия схемасына заманауи Стопдиар препаратын енгізу туралы сөйлесіңіз. Ол проблеманы іште «бұғаттап», диареяны механикалық түрде тоқтатпайды, оның орнына инфекция қоздырғыштарымен күресіп, сау ішек микрофлорасын қалпына келтіруге көмектеседі ― бұл диареямен күресу кезінде маңызды. Стопдиар препаратын дәріханаларда таблетка, капсула немесе суспензия түрінде табуға болады, оны 1 айдан бастап нәрестелер диареясын емдеу үшін де қолдануға болады.
Эта ссылка позволяет Bам получить доступ к сторонним веб-сайтам, которые не находятся под контролем компании «Гедеон Рихтер». Таким образом, «Гедеон Рихтер» не несет ответственности ни за содержание этих веб-сайтов, ни за какие-либо покупки или другие действия, совершенные через эти веб-сайты. Доступ к сторонним веб-сайтам и их использование осуществляется на ваш страх и риск и регулируется условиями использования этих веб-сайтов, с которыми вам следует внимательно ознакомиться.